ТДЖ 13 – Климаттың өзгеруімен күресу аясында дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттерімен «Қазақстандағы климаттың өзгеруі» тақырыбында кездесу

30 сәуір, 2024

2024 жылдың 29 сәуірінде магистрант Ернар Ешенов SDG 13 – Климаттың өзгеруімен күресу аясында дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттерімен «Қазақстандағы климаттың өзгеруі» тақырыбында кездесу өткізді. Климаттың өзгеруі адамдар үшін жағымсыз салдарларға әкеледі. Біз Қазақстандағы орташа жылдық ауа температурасының ауытқуларын, парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша қабылданып жатқан шараларды, климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын талқыладық.