Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткен ДШжС мамандығының студенттері

4 мамыр, 2024

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенттері Темірлан Әбдірайымов пен Людмила Яковлеваны Хвасон қаласында (Корея) өткен қазіргі бессайыс бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткендерімен құттықтаймыз. Темірлан үш, Людмила екі марапатқа ие болды. Жарайсың, жалғастыра бер!