Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың Шығыстану факультетінде «Араб тілі мен мәдениеті залының» салтанатты ашылуы өтеді

4 мамыр, 2024

2024 жылдың 17-мамыры күні сағат 10.00 де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы жанынан Біріккен Араб Әмірліктері Шарджа Әмірлігінің билеушісі Сұлтан әл-Қасимидің тікелей басшылығымен қаржыландырылған «Араб тілі мен мәдениеті залының» салтанатты ашылуы өтеді.

Залдың ашылуы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың 90 жылдығы мен Шығыстану факультеті құрылған алғашқы жылдары тұңғыш болып ашылған Арабтану бөлімнің 40 жылдығына арналып, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ҚР Елшілігі, БАӘ нің ҚР дағы Елшілігі, БАӘ дегі «Араб тілі академиясы» (Шарджа) мен «Мәдени дипломатия істері бойынша халықаралық институт» (Дубай) тарапынан келетін арнайы делегацияның, ҚР дағы белгілі арабтанушылардың қатысуымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті «Араб тілі мен мәдениеті залында» өтеді.

ӨТЕТІН МЕРЗІМІ: 17 мамыр 2024 ж.

УАҚЫТЫ: 10:00-10:50

ӨТЕТІН ОРНЫ: Алматы қ., Карасай Батыр 95 А

                             Шығыстану факультеті, 5 қабат. 541 - ауд.

                              Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ