Көшбасшылық дәріс «Халықаралық нарықта брендті жылжытудың заманауи құралдары»

4 мамыр, 2024

2024 жылдың 26 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде (https://farabi.university/) БҰҰ Тұрақты дамудың 4-ші «Сапалы білім» мақсатын жүзеге асыру үшін«Маркетинг» пәні аясында «Халықаралық нарықта брендті жылжыту заманауи құралдары»тақырыбында көшбасшылық дәрісі өтті. Іс - шара «Kitapal» ЖШС (https://kitapal.kz/) өкілінің қатысуымен республикалық деңгейде өтті. Көшбасшылық дәрісте «Kitapal» ЖШС маркетинг бөлімінің басшысы Кесебаев Мирас Күмісбайұлысөз сөйледі. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, «6В04107 – Маркетинг» мамандығы бойынша сарапшы.

Дәріске «6В04101 – Мемлекеттік және жергілікті басқару», «6В04105 – Бухгалтерлік есеп және аудит», «6В04106 – Қаржы» БББ қазақ бөлімінің 2 курс студенттері қатысты. Бұл дәріс теориялық білім мен міндеттердің практикалық деңгейде шешудің бірігуіне ықпал етті.

Іс-шараның ұйымдастырушысы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес-технологиялар»кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: Ахметова З.Б., Қожамқулова Ж.Т., Шуренов Н.Б.,Товма Н.А.