Стамбул университеті, теология факультетінің декан орынбасарымен кездесу

6 желтоқсан, 2023

6.12.2023. Стамбул университеті, теология факультетінің декан орынбасары Doç.Dr. Sultan Şimsek ханыммен, осы факультеттің (Faculty Of Theology, Department Of Hadith) доценті, исламтанушы (Islamic Studies – Islamic Law), Assoc. Prof. Mustafa Celil Altuntas мырзамен кездесу болды. «Әбу Насыр әл-Фараби іліміндегі тіл философиясы мен философия тілі» және «Әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасындағы ізгі адам: компаративистік дискурс»  жобалары жайында таныстырылым жасалды және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі ғылыми зерттеу жұмыстары, философия және саясаттану факультетінің дінтану, исламтану кафедрасының бағыттары бойынша мәліметтер беріліп, ортақ жобалар бойынша ынтымақтастық бағыттары  ұсынылды. Стамбул университетінің теология факультеті – Түркияда құрылған алғашқы теология факультеті. Факультет кәсіби білікті теологтарды дайындауға бағдарланған. Факультеттің тамыры Селжұқ медресесі жүйесінен бастау алады. Фатиха медресесінің, Сүлеймания мен Дарульфюнун-и Османи медресесінің оқу бағдарламалары және осы мекемелердегі студенттер мен оқытушылар болған ғалымдардың жетістіктерінен бастау алады.

Факультеттің бағдарламалары, олардың ерекшеліктері, шетелдіктерге арналған бағдарламалар туралы терең және жан-жақты мәліметтер алынып, магистранттар мен докторанттар үшін зерттеу базасы болу мүмкіндіктері туралы ұсыныстар айтылды. Кездесу туралы ақпарат университеттің сайтында (https://ilahiyat.istanbul.edu.tr/tr/_) және әлеуметтік желіде (https://www.instagram.com/p/C0kNL4viNI8/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==) жарияланды.

Стамбул университетінің жанындағы «Farabi Avrasya Çalışmaları Uygulama ve Araştırma Merkezi»   («Фараби Еуразиялық зерттеулер бойынша қолданбалы және зерттеу жұмыстары орталығы») орталығында болып, орталық басшысы Prof.Dr. Abdullah KIZILCIK мырзамен кездесу өтті.  

Сондай-ақ Süleymaniye Yazma Eser Kütüphanesi, Rami Kütüphanesi кітапхаларында зерттеулер жасап, «Әбу Насыр әл-Фараби іліміндегі тіл философиясы мен философия тілі» жобасы аясында билиографиялық материалдар, жобаға қажетті мәліметтер алынды.