ҚазҰУ ғалымдары Аль-Азхар Университетінің проректоры, құрметті профессор Мұхаммед әл-Әмирмен кездесті

18 сәуір, 2024

18.04.2024

Аль-Азхар Университетінің проректоры, құрметті профессор Мұхаммед әл-Әмир, Әл-Азһар Университетінің Білім беру институтының ана тілінде сөйлемейтіндерге араб тілін оқыту профессоры Махмуд Абделхафиз Халфалла Мохаммед мырзамен кездесу өтті. Кездесуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Д. Құрманалиева және кафедра доценті М.Б. Аликбаева, Шығыстану факультетінің арабтану бөлімінің меңгерушісі Хаван Айдынгүл қатысты. Кездесу барысында еліміздегі исламтанушы мамандарды дайындаудың ерекшелігі, араб тілінің исламтанушылар үшін маңыздылығы, сонымен қатар отандық жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектердің Әл-Азһар Университетінде оқуларын жалғастыру мүмкіндіктері мен оқытушылардың біліктілігін көтеру мүмкіндіктері, әл-Фараби мұрасының университет қабырғасында зерттелуі мен оқытылуы, дәрістердегі түркі ойшылдарына мән берілуі туралы пікір алмасу орын алды.