№3 және №6 ТДМ

5 мамыр, 2024

Кураторлар Мәлік Ажар мен Мұқаш Айнұр Жалпы медицина мамандығының 22-02, 22-04 топтарының студенттерімен бірге Тұрақты даму мақсаттарына арналған кураторлық сағат өткізді.
Тұрақты даму мақсаттарының тақырыптары:
1. Мақсат 3: Жақсы денсаулық және әл-ауқат;
2. Мақсат 6: Таза су және санитария.
1. Мақсат 3: Кураторлық сағат пікірталас түрінде өтті, дебат барысында талқыланған мәселелер: салауатты өмір салтын жүзеге асыру және әл-ауқат бұл тұрақты даму күн тәртібінің маңызды бөлігі болып табылады. Халықтың ең кедей топтары денсаулықты жақсарту, қауіпсіз сумен қамтамасыз ету және санитария арқылы аурулардың алдын алу мақсатында Қолжетімді Денсаулық сақтау қызметтерін, білім беруді қажет етеді.
2. Мақсат 6: Сондай-ақ, таза суға қол жеткізу және су тапшылығы мәселелері халық арасындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың нашарлауына, соның ішінде ашаршылыққа, кедейлікке, білім алу мүмкіндігінің болмауына алып келеді. Жыл сайын халық санының өсуіне және тұщы су қорын ұтымсыз пайдалануға байланысты жағдай күрделеніп келеді. Егер инфрақұрылым мен басқару жетілдірілмесе, миллиондаған адамның өміріне қауіп төнеді, ал биоәртүрлілік пен экожүйенің тұрақтылығы одан әрі төмендейді.