«No plastic in nature»

5 мамыр, 2024

4-қарашада GM 22-05 тобының студенттері мен топ эдвайзері Г.Ж. Аканова тұрақты даму мақсаттарының бірі “Құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру” бойынша “No plastic in nature” девизімен экологиялық сенбілік ұйымдастырды. Экологияялық сенбілік химия және химиялық технология факультетінің оқытушысы А.Г. Исмаиловамен және ХжХТ факультетінің 2-курс студенттерімен бірлесіп жасалды. Сенбілік аясында студенттерге Тұрақты дамудың мақсаттары түсіндіріліп және қоршаған ортаға тасталынатын пластикалық қалдықтардың химиялық құрамы мен табиғатқа келтіретін зияны баяндалды. Сонымен қатар, оқытушылар, жиын соңында тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру үшін студенттерді пластик ыдыстардан бас тартуға шақырды.