ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮШІН СЕРІКТЕСТІК

5 мамыр, 2024

«Жалпы медицина» мамандығының 23-13 топ студенттері жетекшісі Бекбағанбетова А.Р. Тұрақты Даму Мақсаттары бойынша кураторлық сағат өткізді.

Студенттер ТДМ туралы біліп, кедейшілікпен күресу, экономикалық өсуді арттыру және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, сондай-ақ климаттың өзгеруімен күресу және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған күш-жігер мен күрес жолдары туралы өз пікірлерін білдірді.

17 тапсырма бойынша қорытынды: ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮШІН СЕРІКТЕСТІК
Жаһандық, аймақтық және жергілікті деңгейлерде үкіметтер, жеке сектор, азаматтық қоғам және қауымдастықтардың өздері арасында серіктестік орнату Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды. Мұндай қарым-қатынастар адамзат пен планетаның мүдделеріне қызмет етуге бағытталған ортақ көзқарас пен ортақ мақсаттарға құрылуы керек.