Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік нұсқаулары

5 мамыр, 2024

Фармация бөлімінің бакалавриат студенттерімен жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық кураторлық сағаты өткізілді. Іс-шара кураторлар Базаралиева Әйгерім Бақытжанқызы, Қабдылқанова Эльмира Жарайқызы және Толенока Қаракөз Дидарқызы басшылығымен өтті. Кездесу қорытындысы бойынша студенттерге дабыл чемоданын жинау, жер сілкінісі туралы хабарламаны қосу (қосымшаларды жүктеу) және қауіпсіздік техникасын үйрену міндеттері қойылды. Соңғы болған жайттар бізге жер сілкінісі кезінде ең бастысы дүрбелең салмау және сабырлы болу керектігін көрсетті. Жақында болған оқиғадан кейін студенттер өз сезімдерімен бөлісті.