Климатты сақтаудың ең тиімді он әдісі
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы И.К.Азимбаева 2024 жылдың 25 сәуірінде «Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 1 курс студенттерімен «ТДМ 13. Климаттың өзгеруімен күрес шаралары» тұрақты даму жобасы аясында және климатты сақтаудың нақты шараларын талқылау мақсатында «Климатты сақтаудың ең тиімді он әдісі» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық сабақ барысында студенттер ормандардың азайып бара жатқандығын, әртүрлі аймақтардағы құрғақшылық пен су тасқыны әсерін, әлемдегі шөлді аймақтардың кеңейіп бара жатқандығын, үлкен мұздықтардың еруі сияқты қазіргі таңдағы экологиялық мәселелер туралы талқылады. Сондай-ақ климатты сақтаудың ең тиімді әдістері ретінде автобусқа қарағанда жаяу және велосипедпен көбірек жүруді, өсімдік тектес тағамдарды көбірек қолдануды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану сынды т.б. мәселелері жайында өз ұсыныстарын ортаға салды.