Жады және жастар: тарихи мұраны қалай сақтау және ұрпаққа жеткізу
2024 жылдың 3 мамыры «Шетел филологиясы» мамандығының 1 курс эдвайзері Таирова Г.А. «Шетел филологиясы» мамандығының 1 курс студенттерімен бірлесіп ТДМ 16 «Бейбітшілік және тиімді институттар» аясында «Жад және жастар: тарихи мұраны қалай сақтау және ұрпаққа жеткізу» тақырыбында іс-шара өткізді.
Бұл шараның мақсаты – тарихи мұраны сақтау мен өскелең ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын зерделеу және осы мақсатқа жетудің практикалық жолдарын талқылау. Мерекелердің Қазақстанның өткенін, бүгінін және болашағын қалай бейнелейтінін талдай отырып, студенттер тақырып бойынша әртүрлі көзқарастар білдірді. Түрлі тарихи мысалдар келтірілді.
Оқушылар 7 мамыр мерекесінің қазіргі қоғамдағы орны мен маңызы туралы өз ойларын білдірді. Сондай-ақ білім беру бағдарламалары, іс-шаралар арқылы тарихи мұраны сақтау мен жеткізудегі жастардың рөлі және қоғамдық өмірге белсенді қатысуы сөз болды.
Қазақстан әскерінің ел мүддесін қорғаудағы жетістіктері мен бітімгершілік қызметі талқыланды. Шара атаулы мерекелерді саралау арқылы студенттерге тарих, қазіргі заман және ел болашағы арасындағы байланысты тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Іс-шараның соңында олар тарихи мұраны сақтау және жеткізу жолында атқарылатын түрлі нақты қадамдарды қарастырды.
Ұйымдастырушылар: Таирова Г.А., Байелі Ә.Ж.