Сопиев Алибек Болатұлы

8 мамыр, 2024

«Altyn Bank» АҚ-да Корпоративтік директорының орынбасары (қытай клиенттерімен жұмыс істеу бойынша бас корпоративтік менеджері)

 

14 тамыз 1986 жылы Шымкент қаласында туылған. Сол қалада №8 гимназия мектебінде орта білім алған.

Алибек Болатұлы банк саласында 10 жылдық тәжірибесі бар, қазіргі уақытта «Altyn Bank» АҚ-да  Корпоративтік директорының орынбасары (қытай клиенттерімен жұмыс істеу бойынша бас корпоративтік менеджері) қызметін атқарады.

2009  жылы (2004-2009 ж.ж.) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «филология: қытай тілі» (Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы) мамандығын үздік бітірген.

2012 жылы Чжэцзянь университетінде (Zhejiang University) (Қытай, Ханчжоу қаласы) «Қытайтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін тәмамдаған.

2018 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін «Narxoz» университетінде алған.

Банк саласының корпоративтік қаржыландыру бағытының білікті маманы. Мұнай және газ, Банк қызметінің әртүрлі бағыттарында кәсіби қызмет атқарған. Еңбек жолын «Азиатский газопровод» ЖЖС-де бастаған. Кейін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да Басқарма Басшысының көмекшісі қызметін атқарған. 2018 жылдан бері «Altyn Bank» жұмыс істейді.

Осы жылдар аралығында, Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министріне және еліміздің басқа да мемлекеттік ұйымдардың басшыларына қытай тілінен жеке аударма жасау тәжірибесі бар.

Басқа жаңалықтар