2024 жылдың 06 мамырында «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері мен магистранттарының қатысуымен 2015 жылы БҰҰ айқындаған ұзақ мерзімді дамудың негізгі бағыттарының тізіміне енетін «16. Бейбітшілік, әділеттілік және күшті институттар» тұрақты даму мақсатын (ТДМ) талқылауға арналған іс-шара өтті. Қазақстан бүгінде халықаралық саясаттың негізгі субъектілерінің бірі болып табылады. Іс-шара барысында магистранттар Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде ішкі қайшылықтарды шешуде қиындықтарға тап болған елдер мен аймақтарға көмек көрсету бойынша көпжақты бағдарламаларға қатысу мәселелерін талқылады.
Ұйымдастырушылар: түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары: А.М. Досанова, А.З. Кайбулдаева, Г.С. Нәбиева