Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі
2024 жылдың 08 мамырында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізу игі дәстүрге айналған Мемлекет басшысының қатысуымен өткен ассамблеядағы қозғалған мәселелерді негізге алу, әрі оның шешу жолдарын қарастыру. Семинар барысында студенттер бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз екендігін айрықша түсініп, осы бірлікті сақтап, геосаяси ахуалды жақсартуға үлес қосу жайын талқылады. Семинар “Түркітану” мамандығының 1-курс студенттері мен 1-курс магистранттардың қатысуымен өтті.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы PhD доктор Ш.Т.Кудьярова, 1 курс магистранты Б.Утегенова