Тұрақты дамудың 3 мақсаты шеңберіндегі ғылыми семинар
2024 жылдың 8 мамырында «Денсаулық пен амандық» 3-ші Тұрақты даму мақсаты аясында заң ғылымдарының кандидаты, кеден ісі, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті Г.С.Қалиева заң факультетінің студенттерімен ғылыми семинар өткізді.
Тұрақты дамудың 3-мақсаты, Жақсы денсаулық және әл-ауқат аясындағы зерттеу іс-шарасының мақсаты денсаулық пен әл-ауқатты жақсарту бойынша іс-әрекетке қатысты мәселелерді зерттеу болды. Ғылыми семинар барысында қазіргі әлемде медицина саласында ауруларды диагностикалау мен анықтаудың заманауи әдістері қолданылып жатқанына назар аударылды. Баяндамашылар жастардың салауатты өмір салтын ұстануы, оның ішінде зиянды әдеттерден бас тартуы, дұрыс тамақтануы және түрлі спортпен шұғылдануы керектігіне тоқталды.
Студенттер ғылыми семинарға белсене қатысты, соның ішінде салауатты өмір салтын ұстану керектігімен толық келісетіндіктерін білдірді. Көптеген студенттер спорттың әртүрлі түрлерімен белсенді айналысып, еліміздің көрікті жерлерін аралап, бойларына күш-қуат, рухқа толы екенін атап өтті.