ТДМ 17. Тұрақты даму үшін серіктестік

10 мамыр, 2024

2024 жылдың 24 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде физика-математика ғылымдарының докторы, Пулково обсерваториясының профессоры Назар Робертович Ихсанов (Санкт-Петербург, Ресей) "Полярдағы магниттік клапанның әсері" тақырыпта баяндама жасады. Ғалыммен кездесу «Физика», «Физика және астрономия» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттар арасында өтті.