Фараби әлемі халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конференциясының мәдениеттану секциясы

4 сәуір, 2024

2024 жылдың   4-сәуірінде  Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында  «Қазақ мәдениеті және қазақтану» секциясының жұмысы өтті.

            «Қазақ мәдениеті және қазақтану» секциясы бойынша комиссия отырысына конференция спикерлері, қатысушылар, модератор және секция хатшысы қатысты. Философия ғылымдырының докторы, профессор Құрманалиева А.Д. құттықтау сөз сөйледі.  Ол қатысушыларға жақсы тілегін айта отырып,  спикерлерді  қойылатын талаптармен таныстырды. Содан кейін студенттер мен магистранттардың дайындаған баяндамалары тыңдалды.

                  

            Конференцияға қатысқан барлық қатысушылар жоғарғы белсенділік танытып, қозғалған тақырыптарды терең талқылады. «мәдениеттану» мамандығының 2 курс магистранты Набиева Назираның «Муралдардың  урбанистік мәдениет контекстіндегі рөлі» тақырыбындағы  баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар өте өзекті тақырып ретінде «мәдениеттану» мамандығының 4 курс студенті Өлмесова Аружанның «Көшпелі мәдениеттегі әйел мен ерлердің әлеуметтік қатынас ережелері» атты баяндамасы тыңдаушылар тарапынан көптеген сұрақтар туындатты.  

     

«мәдениеттану» мамандығының 4 курс студенті Шарапқызы Дамираның «Қазақ мәдениетіндегі әйел бейнесі» атты баяндамасындағы мәліметтер тыңдаушылар тарапынан пікірталас туындатты.

Комиссия мүшелері тыңдаушылар арасындағы белсенділік танытып, баяндамашыларға мәнді сұрақтар қойған магистранттар мен студенттерге ерекше алғыс білдірді.

Қалған деректер төменде  көрсетілген

Барлығы 13 спикер белгіленді.

 

Секцияның аты

Ұсынылды

Тыңдалды

Барлығы

Қазақстанның басқа ЖОО-нан

Шет елдерден

Барлығы

Қазақстанның басқа ЖОО-нан

Шет елден

«Қазақ мәдениеті және қазақтану»

13

0

0

9

0

0

Барлығы:

  13

0

0

9

0

0

 

Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының «Қазақ мәдениеті және қазақтану» секциясының нәтижелері бойынша

Келесі қатысушылар ұсынылды:

Диплом 1 орын

 

  1. Набиева Н. «мәдениеттану» мамандығының 1 курс магистранты. Тақырыбы: «Муралдардың урбанистік контекстіндегі рөлі». Жетекшісі: Өмірбекова А.Ө. филос.ғ.к.

 

Диплом 2 орын

 

  1. Өлмесова А. «мәдениеттану» мамандығының 4 курс студенті. Тақырыбы: «Көшпелі мәдениеттегі әйел мен ерлердің әлеуметтік қатынас ерекшеліктері». Жетекшісі: Жаркимбаева Д.Б. филос.ғ.к., доцент
  2. Шарапқызы Д. «мәдениеттану» мамандығының 4 курс студенті. Тақырыбы: «Қазақ мәдениетіндегі әйел бейнесі». Жетекшісі: Мұханбет Ә.А. филос.ғ.к.

 

Диплом 3 орын

  1. Азатқызы А. «мәдениеттану» мамандығының 4 курс студенті. Тақырыбы: «Қазақ қызының киімі және бас киімі». Жетекшісі: Аликбаева М.Б. филос.ғ.к.
  2. Анарбай А. «мәдениеттану» мамандығының 2 курс студенті. Тақырыбы: «Қазақ қыздарының әшекей бұйымдарындағы өрнектердің рәміздік белгілері». Жетекшісі: Кудерина А.Н. аға оқытушы
  3. Нұрмұхамбетова Қ. «мәдениеттану» мамандығының 1 курс студенті. Тақырыбы: «Пазырық мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны». Жетекшісі: Ибекеева С.Е. филос.ғ.к