ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ТДМ - 16 аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Өлкетану» клубының ұйымдастыруымен шетелдік тыңдаушылар Көне дүние күмбірі айналған әйгілі «Алтын адам» саябақ ескерткішіне саяхатқа шықты.
Шараның мақсаты: Өткен ғасырдың 50-жылдарынан бері күллі әлемнің назарын өзіне аударған халық өркениетінің жәдігерлері «Есік» қорғанынан табылды. Алматы қаласынан шығысқа қарай 50 шақырымдай жердегі Есік қаласы маңындағы Есік қорғандары сақ дәуірінің ең көрнекті археологиялық ескерткіші болып табылады. Ол б.э.д. ІV ғасырға жатады. Есік қаласы маңында ертеректе тоналып кеткен 50-ге жуық қорған бар.
Мұнда Қазақстанның ең әйгілі археологиялық олжасы – «Алтын адам» табылды. Өзінің аса бай мұрасымен таңқалдыратын сақ ханзадасының бұл қабірі біздің заманымызға дейін тоналмай жеткен Орталық Азиядағы бірден-бір жерлеу орны екенімен де аса құнды. Осындай құнды жәдігерлерімізді ғылыми-танымдық және әлеуметтік-мәдени тұрғыдан дамыту және төл тарихымызды насихаттау.