ТДМ 11 аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Өлкетану» клубының ұйымдастыруымен шетелдік тыңдаушылар Алматы қаласынан солтүстікке қарай 120 шақырым жерде ҰЛЫ ДАЛА өлкесінің бауырында орналасқан, ЖЕР ЖӘННАТЫ ЖЕТІСУДЫҢ күретамыры саналатын Іленің бойындағы «КӨШПЕНДІЛЕР қалашығына» саяхатқа шықты.
Мақсат: Ортағасырлық сипаттағы шағын шаһар ІЛЕ өзенінің онсыз да әсем аңғарына ерекше тарихи сарын сыйлайды. Шұрайлы аймақ атам заманнан орналасқан көшпенділер орныққан киелі мекен болғандықтан, бабалар ізі қалған шежірелі жерді жас ұрпаққа насихаттау мен Өлкетануға саяхат жасау арқылы елдегі туризмді дамыту.
Бұл қала 2005 жылы көрерменге жол тартқан «Көшпенділер» фильмін түсіру үшін арнайы салынған. Қала адам қолынан туған туынды болғанмен, оның айналадағы пейзажбен біте қайнасып, барынша үндесіп тұрғанын көрген әр саяхатшы өзін ұлы даланың мұрагері сезінері анық. Қазір бұл қалашықты «Көшпенділер қамалы» деп жиі атайды. Жыл сайын мұнда туристер ағылады.