«YESSENOV LAUNCH PAD-2024» БАЙҚАУЫ!

10 мамыр, 2024

Shakhmardan Yessenov Foundation hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамытуға арналған 10 грант байқауын  жариялайды.  
ЕГЕР СЕН:

* ҚР азаматы болсаң;
* Қазақстандық ЖОО студенті немесе ағымдағы маман/қызметкер болсаң;
* Cенің мамандығың – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану, математика және статистика, денсаулық сақтау саласында болса;
* Өзіңнің soft және/немесе hard skills дағдыларыңды дамытқың келсе.
Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, ұзақтығы 12 айға дейінгі онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндігің бар!

Грант сомасы 600 000 теңгені құрайды!

Бұл үшін 2024ж. 15 сәуірден бастап 16 мамырға дейін төмендегі онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

Міндетті құжаттар:
* жеке куәліктің сканы;
* Неліктен оған қосымша дағдылар қажет екенін, олардың кәсіби және жеке өміріне қалай әсер ететінін түсіндіруі керек эссе;
* CV.
Қосымша құжаттар:
* Үміткердің жетістіктерін және/немесе бағдарлама Ережесінің 3.1. тармағына сәйкес нақты саладағы мүдделерін білдіретін Портфолио және тиісті растауды ұсыну: – 3 құжаттан артық емес;
* Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;
* Академиялық жетістіктер, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктер, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқандары үшін сертификаттар – 3 құжаттан артық емес*;
* Жеке немесе ұжымдық жарияланымдар – 2 құжаттан артық емес;
* Диплом, болған жағдайда (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;
* Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес*
 
* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырада. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

https://farabi.university/storage/files/2941214304664238fc27d33347711785_Положение программы (1)___1713247983144184.pdf