ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ МАҚСАТЫ - БЕЙБІТШІЛІК, ӘДІЛЕТТІЛІК ЖӘНЕ ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сот төрелігін жүзеге асырудың конституциялық қағидаттары» атты маңызды халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған шара көрнекті мемлекеттік қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор Мәми Қайрат Әбдіразақұлының 70 жылдығына арналды.
Конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ету және сот жүйесін жаңғырту мәселелерін белсенді түрде талқылады.
Мен үшін осындай маңызды және беделді шараға қатысу өте қызықты болды. Сот төрелігін жүзеге асырудың конституциялық қағидаттарының әртүрлі аспектілерін талқылау білімім мен ой-өрісімді кеңейтуге және жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шаралар заң қоғамдастығымыздың дамуында маңызды рөл атқарып, заң үстемдігін нығайтуға ықпал етеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің магистранты Қобландина А.С. Ғылыми жетекшісі з.ғ.д., профессор Ибраева А.С.