Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының докторанттарына арналған семинар өтті. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы: эндолизинотерапия және Каспий итбалығының вирустық әртүрлілігі бойынша ғылыми семинар

29 ақпан, 2024

2024 жылдың 28 ақпанында биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының профессоры Альмира Мельсовна Кустубаеваның төрағалығымен докторанттардың ғылыми семинары ұйымдастырылды. Іс-шараға «8D05101-Биология», «8D05109 – Нейроғылым» және «8D05102-Биомедицина» мамандықтары бойынша докторанттар қатысты.

Семинарда екі докторанттың диссертациялық зерттеуі ұсынылды:

1 курс докторанты Қ.С.Утегенова «Aeromonas тұқымдасына жататын қоздырғыштарға қарсы эндолизин терапиясын қолданудың жаңа стратегияларын әзірлеу» тақырыбындағы жұмысын ұсынды.

3 курс докторанты Кұмар Марат «Каспий итбалығының вирустық және микробтық әртүрлілігін метагеномикалық зерттеу» тақырыбында баяндама жасады.

Докторанттар белсенді түрде қатысып, ғылыми жобаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, ақпараттар берді. Семинарда кафедраның студенттерінің  ғылыми зерттеулерді жүргізуге деген  деген ұмтылысы атап өтілді.

Семинарға 8D05101 Биология, 8D05102 Биомедицина және 8D05109 Нейроғылым мамандықтары бойынша докторанттары белсенді қатысты. Microsoft Teams платформасы арқылы онлайн түрде өткізілген семинар студенттер мен оқытушылар арасында ғылыми алмасу және өзара әрекеттесу үшін интерактивті ортаны қамтамасыз етті.