«Жұлдыздар кінәлі» фильмі

22 сәуір, 2024

22 сәуір күні филология факультеті Әдебиет теориясы кафедрасының 3-курс студенттері өздері түсірген «Жұлдыздар кінәлі» фильмін көрермендер назарына ұсынды. Американдық Джон Гриннің атақты шығармасы негізінде түсірілген бұл фильмнің түнұсқасын студенттер қазақ тілімізге аудара отырып, менталитетімізге сай таспалаған. Ешқандай кәсіби актерлар мен мамандар тобынсыз жасалған бұл жұмыс, келген көрермендердің көңілінен шықты. 
Фильм соңында, Әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Бисенбаев Пазыл Куанбайұлы өз студенттерінің кәсіби актерлар мен актрисалардан еш кем емес екенін, олардың үлкен жұмыс атқарғандығын айтып, студенттерге алғыс білдірді. Ал түсірілімге атсалысқан студенттер өздерінің түсірілім барысында орын алған қиындықтары мен қызықтарын бөлісті.