25 сәуір күні филология факультеті Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының 3-курс студенттері Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» қойылымын көрермендер назарына ұсынды. Студенттер өздерін сахнада еркін ұстап, берілген рөлдерді өте жоғары деңгейде сомдап шықты. Қойылым көрермендердің көңілінен шығып, қошеметке ие болды.
Қойылым соңында, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Темірболат Алуа Берікбайқызы студенттердің сахынадағы өнеріне, қойылымдарына ерекше риза болғанын, өзі күткеннен де жоғары деңгейде қойылған қойылым екенін айтып, студенттерге алдағы жобаларда сәттілік тілеп, алғысын білдірді.
Басқа жаңалықтар
16 қараша, 2024