Чехияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Павел Шепеляк бастаған делегация музей экспозицияларын тамашалады

16 мамыр, 2024

Делегация құрамында Чехияның құрметті консулы Ұзақбай Айтжанов, Масариков университеті Географиялық институтының директоры Петр Кубичек, Масариков университеті жаратылыстану факультеті деканының ғылыми-зерттеу және интернационалдандыру жөніндегі орынбасары Цирад Хофр, профессор Милан Конечный бар.Делегация ҚазҰУ басшылығымен екі ел аралық серіктестікті дамыту білім және ғылым саласындағы  ынтымақтастықты нығайтуды талқылады. Университет тарихы мен жетістіктерінен музей аясында мәлімет алған қонақтар жүргізілген қызықты экскурсияға алғыстарын айтты