Магистратура "Pennsylvania State University"

16 мамыр, 2024

ТДМ 4 «Сапалы білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Бегалиева Жанель Бақдәулетқызы «7М04212 - Теңіз және энергетика құқығы» ББ бағдарламасының 2 курс магистранты Pennsylvania State University (Америка Құрама Штаттары) магистратурасын сәтті аяқтады. Тиісті бағдарлама Жанельдің АҚШ-тың жоғарыда аталған университетінен алған жүз пайыздық гранты мен стипендиясы бар магистратураның үш бағдарламасының бірі болып табылады.

Биыл 2024 жылы Жанель Бегалиева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Баку мемлекеттік университетінің (Әзірбайжан Республикасы) қос диплом магистрі бағдарламасын игеруді аяқтайды.

Американың ең беделді университеттерінің бірінде оқыған кезінде Жанель Қазақстан Республикасының АҚШ - тағы Төтенше уәкілетті Елшісі Ержан Нығматуллаұлы Ашықбаевтың алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ Гарвард университетінен сертификат алды. Айта кету керек, ол Pennsylvania State University сенаторы лауазымына үміткер болды және Penn State Law халықаралық құқық мектебінің үш жүз студентінің арасынан шыққан Жанель жеңіске жетті және State College қаласындағы Kazakh Students Association өкілдерінің бірі болды.