Шығыстану факультетінде 2024 жылғы СҒЗЖ республикалық байқауы аяқталды
2024 жылдың 6 мамырында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде «6В02207 – Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының комиссиясының отырысы өтті. Байқау ғылыми әлеуетті ашу, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін ынталандыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау мақсатында бакалавриат студенттері арасында жыл сайын өткізіледі.
Биылғы жылы конкурсқа Қазақстан Республикасының 4 жоғары оқу орнынан 16 талапкер қатысты: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және тілдер университеті және Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе өңірлік университеті.
Байқау комиссиясын экономика ғылымдарының докторы, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты бас директорының орынбасары Дүйсен Ғ.М., және комиссия мүшелері PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қытайтану кафедрасының доцент м.а. Мәдиев Д.А., т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының доценті Балақаева Л.Т., PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түрксой кафедрасының меңгерушісі Ғабдуллин Қ.Т., т.ғ.к., Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Шығыстану кафедрасының доценті Есеркепова Ж.О., PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы Тюлегенов Қ.М. жұмыстардың өзектілігі, зерттеу тақырыбының жаңалығын тақырыптың негізділігі критерийлері бойынша бағалады.
Комиссия мүшелері атап өткендей, қатысушылар көп жұмыс атқарып, өз бетінше зерттеулер жүргізді, тақырыптарды ашып, өзектілігін негіздеді. Ал байқау комиссиясының шешімімен І-орынға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 3 курс студентіне Балғожина Асем иеленді, ғылыми жетекшісі: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, т.ғ.к., Шығыстану кафедрасының профессор м.а. Азмуханова А.М.
2-дәрежелі дипломдар Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Шығыстану факультеті, «Шығыстану» мамандығының 4 курс студенті Серикболова Арунаға, ғылыми жетекшісі: Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Шығыстану кафедрасының доценті, т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О. және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Шығыстану факультеті, «Шығыстану» мамандығының 3 курс студенті Анер Арланға, ғылыми жетекшісі: Түрксой кафедрасының кафедрасының аға оқытушы Жанатаева К.Б. берілді.
3-дәрежелі дипломдар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, 3 курс студенті Кеңес Махаббатқа, ғылыми жетекшісі: Қытайтану кафедрасының тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұқаметханұлы Нәбижан және Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Шығыстану факультеті, «Шығыстану» мамандығының 4 курс студенті Кулжабаева Гаухарға, ғылыми жетекшісі Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, саяси ғылымдарының кандидаты, профессор Кагазбаева Э. М., Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Шығыстану факультеті, «Шығыстану» мамандығының 2 курс студенті Асқарбаева Аружанға, ғылыми жетекшісі: Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Шығыстану кафедрасының доценті, т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О. берілді.