Емдік Өсімдіктер мен Табиғи Дәрілік Заттарды Зерттеу Халықаралық Конференциясы
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (ҚазҰУ) 90 жылдығына орай, ҚазҰУдың Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығы Алматы қаласында 2024 жылдың 6–7 маусымында Емдік Өсімдіктер мен Табиғи Дәрілік Заттарды Зерттеу Халықаралық Конференциясын өткізеді.
Сіздерді осы беделді іс-шараға қатысуға және табиғи қосылыстар химиясы саласындағы аудиториямен құнды ойларыңызбен бөлісуге шақырамыз. Конференция бағдарламасы пленарлық (20-30 мин), ауызша (10 мин) және постерлік презентацияларды қамтиды. Конференция гибридті форматта өтеді: офлайн және онлайн. Онлайн конференция сілтемесі конференция сайтында қолжетімді болады.
Бұл конференция дәрілік өсімдіктер мен табиғи дәрілік заттарды зерттеумен айналысатын әлемнің түкпір-түкпірінен келген, атап айтқанда Орталық Азия елдерінің, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, АҚШ, Бразилия, Түркия, Кипр, Португалия, Малайзия, Таиланд, Сербия, Үндістан және Пәкістан университеттері мен ғылыми-зерттеу институттар ғалымдарының тәжірибе алмасуға арналған кездесу орны болады.
Конференция туралы негізгі мәліметтер
◆ Күні: 6–7 маусым 2024 жыл
◆ Өткізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, Алматы, Қазақстан
◆ Тілі: Ағылшын, Қазақ, Орыс
Материалдарды жариялау
Барлық материалдар, соның ішінде бір беттік тезистер, постерлер Конференцияның тезистер жинағына енгізіледі.
Толық ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз!