Нұржұма Елесбай – әдебиет зерттеуші, қолжазба танушы, текстолог. 1982 жылы ҚХР ШҰАР Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Шапшал ауданында дүниеге келген. 2003-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде білім алған. 2004-2008 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде білім алды. 2010-2012 жылдар Қайнар университетінің филология және шет тілдер факультетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. 2009 жылдан бастап М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Қолжазба» бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып жұмысқа қабылданды. Қазір аталған институтта ғылыми қызметкер лауазымында жұмыс атқарады. Нұржұма Елесбай 2016 жылы «Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия» иегері атанса, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің арнайы білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғыс хатымен» марапатталды.