Әкімбек Асқар Әкімбекұлы – Алматы технология университетінің «Жастар шығармашылығы» орталығының көркемдік жетекшісі. 2004-2005 жылдары Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде оқып білім алды. 2005-2009 жылдары Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бакалавр мамандығын оқыған. 2015-2017 жылдары Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Театр режиссурасы» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. 2018-2021 жылдар аралығында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Театр өнері» факультеті «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасына «Режиссура» мамандығы бойынша докторантурада білім алды. 2021 жылдан бастап Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Театр өнері» факультеті «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасында оқытушы. Сондай-ақ «Жібек Жолы» этно-эстрада ансамбльінің солисті. 2008 жылы Астана қаласында өткен XI халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылық өнер фестиваліне қатысып «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша лауреаты. 2016 жылы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бекітуімен «Қазақ тілі» медалімен марапатталған.