Ағзанбек Кәрменқанұлы

18 мамыр, 2024

   Ағзанбек Кәрменқанұлы - құрылыс инженері, энергетик. 1983 жылы ҚХР ШҰАР Алтай аймағы Шіңгіл ауданында дүниеге келген. Мектептегі оқуын тәмамдағаннан кейін, 2003 жылы ата-мекенге оралған. 2003-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің шетел азаматтарына арналған дайындық факультетін үздік нәтижемен бітірді. Ал 2004-2008 жылдары Қазақ Бас Сәулет Құрылыс Академиясында бакалавр мамандығы бойынша білім алған. 2008 жылдан қазіргі күнге дейін «Отын энергия ресурстарын зерттеу-іздестіру және жобалау институты» АҚ да табысты еңбек етуде. Осы еңбек жолында отанымыздың электр энергетикасы саласындағы көптеген ірі жобалардың басы-қасында болды. Айтарлықтай ірі жобалар: Астана және Алматы қалаларының энергетикалық қауыпсіздігіне жауап беретін кернеуі 220/110/10кВ «Бесағаш», «Ерменсай», «Достық», «Батыс», «Шығыс», «Достық» қосалқы электр станциялары, «Тараз», «Шоқпар-1», «Шоқпар-2» сынды қуаттылығы 100мВт тан болатын күн электр станцияларының жобалары, «Шелек», «Бадамша» қатарлы күн электр станциялары іске қосылды. Осы салада еткен еңбегін ескеріп 2019 жылы ҚР Энергетика министрлігі тарапынан «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ». Ал 2023 жылы «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісімен марапатталды

Басқа жаңалықтар