Арайбек Азатбекұлы – педагог, математика пәнінің мұғалімі. 1985 жылы ҚХР ШҰАР Алтай қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Алтай аймақтық 1- орта мектепті тамамдағаннан кейін ата-жұртқа оралды. 2003-2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шетел азаматтарына арналған дайындық факультетін үздік нәтижемен бітірді. Ал 2004-2008 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінде математика мамандығы бойынша бакалавр, 2008-2010 жылдары аталған факультеттің магистратурасын бітіріп, «жаратылыстану ғылымдарының магистрі» атағына ие болды. 2008 жылы еңбек жолын Алматы қаласындағы №107 лицейде информатика пәнінің мүғалімі. 2009-2010 жылдары Алматы қаласындағы №33 лицейде математика пәнінің мұғалімі. 2010-2014 жылдары Махатма Ганди атындағы №92 лицейде математика пәнінің дәріс берді. 2014 жылдан бастап қазірге дейін Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика пәнінің мұғалімі қызметін атқаруда. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның төрайымынан, Алматы қаласының Білім басқармасынан сіңірген еңбегі үшін алғыс хаттар және «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның 10 жылдық төс белгісімен марапатталған.