ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ «ҚР ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2024» БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, География және табиғатты пайдалану факультетінің, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 2 студенті «ҚР үздік студенті – 2024» байқауында жеңімпаз атанды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еліміздің болашағы-жастар.Жаңа буын, жаңа толқын өсіп келеді.Білім алу өте маңызды. Абайша айтқанда, « толық адам» дегеніміз - ойы ұшқыр, зерек, білімге құштар адам. Әр нәрседе қанағат болу керек. Бірақ білімге келгенде, қанағат болмауы керек. Әрдайым іздену керек. Еліміздің болашақта дамып, көркейген елге айналуы, алдымен, Сіздерге байланысты. Біз сіздерге сенеміз, үлкен үміт артамыз »,деп атап өткендей Қазақстан халқына арналған жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген республикалық байқауға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан География және табиғатты пайдалану факультеті, география,жерге орналастыру және кадастр кафедрасының «6В05205-География» 3-курс студенті Калдибег Асқар Рүстемұлы, 2- курс «7М05203»магистранты Избасаров Нұрлыбек Бектібайұлы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен талапты жастар жүлделі 1-орынды иеленді.
«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясы бірлесіп ұйымдастырған байқауға еліміздің барлық өңірінен студенттер қатысты.
Олар өздері жайлы жазған екі беттен кем емес өмірбаян мен диплом, алғыс хат сынды құжат көшірмелерін байқау ұйымдастырушыларына үш тілде жолдаған. Нәтижесінде ғылым, өнер, спорт саласында жетістікке жеткен және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары белсенді студент жастар іріктеліп, «ҚР үздік студенті – 2024» атты талантты студенттердің кітап-жинағына енді.
Жинаққа енген көшбасшы студенттер кітап таныстырылымына шақырылып, шара соңында қатысушыларға арнайы тағайындалған «ҚР үздік студенті – 2024» төсбелгісі, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, ҚР Тұңғыш Президенті қорынан сыйлық-кітаптар табыс етілді. Сондай-ақ республикамыздағы үздік жастардың түрлі түсті электронды кітап-жинағы және студенттердің жетекшілеріне электронды Алғыс хат берілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, География және табиғатты пайдалану факультеті, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы Баспасөз қызметі