2024 ж. 20 мамыр күні ҚазҰУ музейінде Халықаралық музейлер күні аясында «Әлем музейлері - тарих пен мәдениеттің алтын қазынасы» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды

20 мамыр, 2024

Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –дың 90-жылдық мерейтойына арналып, музей қызметкерлері мен филология факультетінің «Түркітану және тіл теориясы» кафедрасының аға оқытушысы Кайбулдаева Ақсауле Зауытбекқызының тікелей басшылығымен «шет тілі; екі шет тілі» мамандығының 1-3 курс студенттерінің қатысуымен іске асты. Студенттер Лувр (Франция), Британ музейі (Ұлыбритания), Эрмитаж (Ресей), Прадо Музейі (Испания), Метрополитен Музейі (АҚШ) т. б әлем музейлеріне виртуалды  саяхат жасап, әлем ғаламаттарына айналған жәдігерлермен танысты. Презентация қазақ, орыс, ағылшын  тілдерінде дайындалды. Іс-шараның құрметті қонақтары болып Өзбекстан мемлекетінің Наманган техника және технология институтының тарихшы ғалымы Мухамаджан Әлиханов бастаған бір топ Өзбекістан делегациясы қатысты.  Делегация студенттер ұйымдастырған квест ойындарға қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Өз сөзінде М.Әлиханов мырза музей қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, өзбек елінің мәдени мұралары жайында қызықты мағлұматтар берді. Бүгінгі іс-шараға қатысып үлкен әсер алғанын, университет тәрбиелеп отырған зияткер жастардың тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне қосатын үлесінің зор екенін атап өтті. Кеш соңында құрметті қонақтарға музей залдарына экскурсия жүргізілді,  сый сияпаткөрсетіліп, естелік ретінде Ұлы ойшыл бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабидің кітаптары табысталды