«Tarzhiman» жас аударма клубының отырысы өтті
Жуырда филология және әлем тілдері факультетінде шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының «Tarzhiman» жас аударма клубы халықаралық аудармашылар күніне орай «Аудармашы – мәртебелі мамандық» атты кеш өткізді.
Клубтың ғылыми жетекшісі, доцент Ләйла Мұсалы аудармашы болу аса жауапты да күрделі. Кешті 4 курс студенттері Л.Мамадкаримова және Ә.Асқар жүргізді. Кеш бағдарламасында бірінші курс студенттерін клуб қатарына қабылдау рәсімі өтті. Клубтың жаңа президенті болып Нұрсұлтан Қызылбек, орынбасары Талапқали Айдана сайланды. «Аударма ісі» мамандығының барлық студенттері белсенді қатысып, ситуациялық тапсырмалар, лексикалық қоры мен ой-өрістерін кеңейтетін сұрақтарға жауап берді. Студенттер бір-бірін кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа достар тапты. Кешке қатысқан шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Д.Қарағойшиева, орынбасарлыр М.Жаңабекова және А.Айтмұханбетовалар студенттерге сәттілік тіледі. Бұл кеш болашақ аудармашылар үшін пайдалы да қызықты кеш өтті.