Франциядағы Экология және қоршаған орта институтының директоры Стефан Блан бастаған, құрамында - Қазақстандағы Франция елшілігінің, Орталық Азияны зерттеу Архезоологиялық орталықтың, Химия, Экология институттарының өкілдері бар француз делегациясы университетке іс сапармен келді

21 мамыр, 2024

Сапар барысында «Орталық Азияны зерттеу жөніндегі археозоологиялық орталық» атты зертханасын құру туралы келісімге қол қойды. Бүгінде ҚазҰУ Францияның 21 жоғары оқу орнымен өзара тығыз байланыс орнатқан. Құрметті қонақтар университет музейін тамашалап, әсіресе, әл-Фараби, «Алтын адам» кешеніндегі археологиялық  экспозицияларға қызығушылықтарын танытты. Экскурсия соңында музейден керемет әсер алғандарын айтып, Құрмет кітабына алғыстарын жазып қалдырды