ҚАЗҰУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ARCGIS КУРСТАРЫНАН ӨТТІ

21 мамыр, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Инжиниринг және ғылымды қажетсінетін технологиялар кластері Data+ International-мен бірлесіп университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін ArcGIS білім беру курстарын ұйымдастырды.

Оқыту ҚазҰУ-дың Esri ресми дистрибьюторы – Data+ International LLC компаниясымен жасалған ынтымақтастық меморандумы шеңберінде өтті.

«Бүгінгі таңда әлем бойынша 350 мыңнан астам ұйым ArcGIS-ті әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін пайдаланады және оларға университеттерде даярланатын білікті кадрлар қажет. Сондықтан оқытушылардың біліктілігін үнемі арттыру – бәсекеге қабілетті түлектерді даярлаудың кепілі», – деді Инжиниринг және ғылымды қажетсінетін технологиялар кластері бас директорының орынбасары, Картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы Өміржан Тәукебаев.

Нәтижесінде жоғары оқу орындарын қолдау бағдарламасы аясында ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің 12 оқытушысы Data+ International оқу орталығында ArcGIS тегін білім беру курстарынан өтті.

Оқытудың негізгі мақсаты – ArcGIS сарапшыларынан қазіргі уақытта студенттерді оқыту кезінде Esri бағдарламалық жасақтамасының барлық мүмкіндіктері бар оқытушыларға геокеңістіктік талдау, веб-картография және геодеректерді басқарудың ең заманауи технологиялары туралы білім беру.

Сондай-ақ факультеттің зертханалық сыныптарында географиялық ақпараттық жүйені (ГАЖ) қолдану арқылы білім беру процесін ұйымдастыру үшін үш жылға арналған академиялық лицензиясы бар ArcGIS бойынша орнатылды. Бұл географиялық ақпараттық жүйелер саласындағы заманауи шешімдер мен озық тәжірибедегі үлкен қадам.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі