Тұрақты даму мүддесінде жаһандық әріптестікті нығайту
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтасады. Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Түймебаев Ж.К Цзяо Тун Сиань университетінің өкілдерімен кездесті.
ҚазҰУ базасында құқық үстемдігі мәселелерін зерделеудің бірлескен ғылыми орталығы ашылды. Бұл орталық салыстырмалы құқықты дамытуға, екі елдің заңгер – ғалымдары арасындағы ғылыми байланыстарды кеңейтуге негіз болады. Өзара ынтымақтастық біздің болашақ заңгер студенттеріміз бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша грант есебінен оқуға мүмкіндік алатын шарттарға негізделетін болады.
Цзяо Тун Сиань университеті-Қытайдың Ұлттық рейтингінде 10-шы орында тұрған мемлекеттік университет. Университет 1896 жылы құрылған, С9 элиталық ұйымының құрамына кіреді. Әлемдік рейтингте планетаның үздік жоғары оқу орындарының 262-ші орында орналасқан. Сиань Цзяо Тун университеті әртүрлі елдер мен аймақтардан: Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан студенттеріне бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына гранттық орындар ұсынады.