17.05.2024 жылы Заң факультетінің «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Қуаналиева Г.А., осы кафедраның доценті, з.ғ.к. Қуандықов Қ.Ж. және аға оқытушысы Жапақов С.М. «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттерімен Алматы қаласында Халықаралық әуежайы аумағында орналасқан «Жетісу» кеден бекетінде студенттерге арналған кеден бекетінің жұмыс барысымен таныстыру мақсатындағы өткізілген іс-шараға қатысты.
Шара барысында студенттерге есірткіні, контрабандалық жолмен әкелінген тауарларды, қару-жарақ және валютаны заңсыз әкелу және әкетуді анықтау үшін орнатылған кедендік бақылаудың жаңа техникалық құралдары, оның ішінде биыл тұңғыш рет бекетке қойылған «Rapiscan» және «Янтарь» тексеру аппараттарының жұмысы таныстырылды.
Сонымен қатар, кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді жүзеге асыратын бекеттің жұмыс барысы, биыл алғаш рет әуежай бекетіне Бірыңғай кедендік кеңістік құрылуына орай, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің әуежолаушылары үшін арнайы құрылған дәліздің ерекшелігі, сондай-ақ, Кеден заңнамасына сәйкес, кедендік бақылаудан өту және әуе жолаушыларының жолжүгі мен қолжүгін ресімдеу айырмашылықтары түсіндірілді. Бұнымен қатар, студенттерге қызметтік-іздестіру иттердің көмегімен есірткі және психотропты заттарды іздеу қалай жүзеге асырылатындығы көрсетілді.
«Жетісу» кеден бекеті - Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің, ҚР кеден шекарасы арқылы тауарларды заңсыз әкелу, әкету және транзит фактілерін анықтау мен алдын алу шараларын жүзеге асыратын бірден- бір құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кедендік бекеттің жолаушылар учаскесі төрт ауысым, яғни тәулік бойы жұмыс істейді.