“Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері” туралы дөңгелек үстел

24 мамыр, 2024

24.05.204 ж. сағат 11.00-де  "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша білім алып жатқан 4-ші курс студенттері  Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық департаментініңқызметкерлерімен бірлесе отырып "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел бағдарламасына орай, “Мемлекеттік қызметке тұру тәртібі” туралы персоналды басқару бөлімінің басшысы Зейнолла Бекмырзаұлы Салқынбаев таныстырып өтті. Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы Мейірхан Нұрахунұлы Мухамедиев мемлекеттік қызметке тұру ережелерімен таныстырды.   Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, маңызды тақырыптар талқыланды. Қатысқан   мамандар өз қызметіндегі жұмыстың негізгі жүргізу бағытын түсіндірді, бөліскен құнды ақпараттарының арқасында студенттер өздеріне қажетті мәліметтер алып, болашақта қандай бағытта жұмыс жасайтындықтарын нақтылап алды деуге де болады.  

Медицина және денсаулық сақтау факультеті Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" тақырыбы бойынша дөңгелек үстелге қатысып, маңызды ақпараттармен бөліскені үшін Алматы қаласы СЭҚД-нің   персоналды басқару бөлімінің басшысы Зейнолла Бекмырзаұлы Салқынбаевқа және  ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы М.Н.Мухамедиевке алғыс білдіреді.