ҚазҰУ жастары III Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды мәселелерді талқылады

23 мамыр, 2024

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы баяндамасын  талқылауға байланысты Президент Кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлының және университетіміздің жастарының қатысуымен конференция өтті. Конференция барысында ІІІ Ұлттық құрылтайда Президентіміз астын сыза көрсеткен: лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, кітап оқу, ысырапшылдық және тағы да басқа маңызды мәселелер төңірегін ой бөлісіп, пікір алмасты. Сонымен қатар, университетіміздің докторанттары Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы қозғалған тақырыптар бойынша баяндама жасады.
Конференция соңында университетіміздің белсенді жастары Мәлік Нұржанұлына Ұлттық құрылтайда аталған өзекті мәселелер бойынша өздерін ойландырған сұрақтарын қойып, Президент кеңесшісі тарапынан тұшымды жауап алды. 
Конференция соңында студент жастарымыз Мәлік Нұржанұлына университетімізге ІІІ Ұлттық құрылтайдағы маңызды тақырыптарды талқылауға  уақыт бөліп келгені үшін алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.