Пәкістан ЖОО мен ҚазҰУ- арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылауға бір топ пәкістандық делегация келді

24 мамыр, 2024

Делегацияны Рао Халид Хан- Құрметті Бас консул мен ВСР директоры Аллах Бахш Малик бастады. Университет тарапынан қонақтарды кампустур ұйымдастырған - медицина факультетінің деканы С.Б Калмаханов, рекрутинг және интернационализация офисінің директоры Р.Н. Өтегенов мырза мен шығыстану факультетінің аға оқытушысы, урду тілінің маманы Ш.Е. Қанафьева

 Құрметті қонақтар кампустур аясында университеттің бас музейін тамашалап, қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрінен, білімі мен ғылымының қалыптасу сатысымен танысты. Қонақтарға музей аумағы, көрсетілімі, бай экспозициялары қатты әсер етті. Өз алғыстары мен ізгі тілектерін музейдің Құрмет кітабына қалдырды