Шығыстану факультетінде түлектер күні тойланды
2024 жылдың 25 мамырында шығыстану факультетінде түлектер күні өтті. Осы іс-шараның бас ұйымдастырушысы, қытайтану кафедрасының профессоры Дәулет Фатимабибі Ноғайқызының айтуынша, аталмыш іс-шара Қазақстан ғылымы мен білімінің қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық, шығыстану факультетінің құрылғанына 35 жылдық, сондай-ақ факультет түлектерінің оқу орнын тәмәмдағанына 30, 20 және 10 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылып, өткізілді. Мерейтойлық іс-шараға факультет түлектері, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы және Корея Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрышев Шахрат Шәкизатұлы, Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Оңалбаев Оңталап Серікбайұлы, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қойшыбаев Ғабит Бейбітұлы, Қазақстан Республикасының Катар және Бахрейн елдеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Исағалиев Арман Қайратұлы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының төрағасы Арын Берік Сақбайұлы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Аққошқаров Нұрлан Советұлы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер, отбасы және демография істері жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі, ҚР Мәжілісі Қоғамдық палатасының мүшесі Қожалы Тоғжан Бақытжанқызы, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қоғамдастығының төрағасы Нарысов Серік Жұматайұлы және де шығыстану факультетінің еліміздің түрлі саласында ерен еңбектерімен белгілі болған түлектері, белгілі ғалымдар, жоғары білікті мамандар қатысып, өз жылы лебіздерін білдірді. Аталмыш іс-шараға еліміздегі шығыстану ғылымының қалыптасуының басы-қасында болған белгілі ғалым-оқытушылар – т.ғ.д., профессор Клара Шайсұлтанқызы Хафизова, т.ғ.д., профессор Нұржамал Әбдіразаққызы Алдабек және т.б. оқушылар қатысты. Жоғары оқу орнын бітіргеніне 30 жылдық мерейтойын тойлап жатқан түлектер өздеріне сабақ берген оқытушыларға үлкен алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады: Сонымен бірге, алғашқы түлектер факультеттің 7 үздік студентіне ақшалай сыйлықтарын табыс етті. Іс-шараның ресми бөлімінен кейін факультет қонақтары Шығыс мұражайын аралады, одан соң қытайтану кафедрасында жайылған қонағасынан дәм татты.