ЭБЖМ Түлектер күні – 2024

28 мамыр, 2024

2024 жылғы 24 мамыр сағат 15.00-да Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғары мектебі жыл сайынғы дәстүрлі Экономика және бизнес жоғары мектебі түлектерінің күнін атап өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ– ел мақтан тұтатын, қазақтың көптеген көрнекті ғалымдары, мемлекет қайраткерлері, белгілі кәсіпкерлер, ректорлар, спортшылар үшін Alma-mater болып табылады.

«ЭБЖМ Түлектер күні – 2024» іс-шарасын Экономика жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к., м.а. профессор Бимендиева Л.А. ашты. Бұдан кейін дәстүр бойынша қонақтар мен түлектер халықаралық студенттердің «Gaudeamus» әнұранын орындады.

Одан әрі университетті бітіргеніне 30 жыл толған, 1994 жылғы түлек И.У. Кулиевке құттықтау сөз берілді.

Түлектер қауымдастығы кеңесінің отырысы келесі қатысушылардың құттықтауымен жалғасты: 1989 жылғы экономика факультетінің түлегі          Г.Т. Есенгелдиева (университетті бітіргеніне 35 жыл) және 1994 жылғы экономика факультетінің түлегі И.У. Кулиев (университетті бітіргеніне 30 жыл).

«Бизнес-технология» кафедрасының атынан мұқтаж студенттерге жалпы сомасы 1.000.000 теңгеге «э.ғ.д., профессор С.Н. Нысанбаевтың»  атаулы стипендиялары берілді.

2004 жылғы мерейтойлық түлектер А.А. Исаева мен Ж.К. Қалымбекова (университетті бітіргеніне 20 жыл) ЭБЖМ атына құттықтау сөз сөйледі.

ЭБЖМ студенттерінің құттықтауы ретінде «Бизнес технология» кафедрасының атынан 6В11301–Логистика (салалар бойынша) мамандығының 3 курс, қазақ тобының студенті Ермашов Жеңіс музыкалық құттықтау жолдады.

Өздерінің білім алған факультетіне әр жылдың мерейтойлық түлектері: М.Ж. Дарибаева (университетті бітіргеніне 15 жыл); Менеджмент мамандығының түлектері М.Д. Шарапиева (университетті бітіргеніне 15 жыл); Ақзамбекқызы А. - ҚР Жобалық менеджерлер Одағының сертификаттау орталығының директоры  (университетті бітіргеніне 10 жыл); Кубентаева Дана Дуйсембыевна – кәсіпкер, (университетті бітіргеніне 5 жыл); Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының түлектері Бекболатова Зерде - Sandyk, Tary мейрамханалар мен кофеханалар желісінің өңірлік менеджері, (университетті бітірген күннен бастап 5 жыл); Бекенова Мөлдір – жеке кәсіпкер (университетті бітірген күннен бастап 5 жыл); Маркетинг мамандығының түлегі Шуренов Нұрсұлтан Бектұлы (университетті бітіргеніне 10 жыл), Нұрхалықов Жандос Нышанбайұлы - Түркістан облысының Стратегия және экономикалық даму басқармасының бөлім басшысы (университетті бітіргеніне 10 жыл), Кенжебай Жанетта (университетті бітіргеніне 6 жыл) арнайы құттықтау сөз сөйледі.

Олар студенттік жылдардағы естеліктерімен, тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар студенттермен ЭБЖМ-де және кафедралар ұйымдастыратын іс-шаралар аясында ғана емес, сонымен қатар бейресми деңгейдегі жұмыс бойынша және жеке кездесулер деңгейінде белсенді түрде өзара араласуға тілек білдірді.

Мерейтойлық жылдар түлектерінің құттықтауларынан кейін Экономика жоғары мектебінің студенттері музыкалық сәлемдерін жолдады. «Қаржы және есеп» кафедрасының атынан Қаржы мамандығының 4 курс студенті Еркібай Назерке домбырада күй орындады.

 2024 ж. түлектерінің атынан «6В04107 – Маркетинг», «6В11301-Логистика (салалар бойынша)» оқу бағдарламаларының 4 курс студенттері Тукаева Айдана, Мұрат Нұрдәулет, Ержан Әйгерім, Шора Айша құттықтау сөз сөйледі.

Маркетинг мамандығының 2014 жылғы түлегі Маңғыстау облысындағы Ақшұқыр ауылындағы «Талап» білім беру орталығының директоры - А.С. Мигатова видеоқұттықтау жасады.

Дәстүр бойынша әр жылғы түлектер үздік студенттерге жеке шәкіртақы тағайындап, материалдық жәрдемақылар берілді. Университет жобаларын қолдау мақсатында қатысушы- түлектер 30 студентке шәкіртақы тағайындады.

Кеш соңында 1981 жылғы түлектер А. А. Ережепова мен Б. З. Нұрманова түлектерге құттықтау сөз сөйледі.

Кездесу соңында түлектердің базасын кеңейту, байланыстарды дамыту, шеберлік сыныптарын қалыптастыру, қонақ лекцияларды өткізу, студенттерді әртүрлі беделді конкурстарға қатысуға ынталандыру, академиялық ұтқырлықты арттыру, нетворкингті дамыту және т.б. бойынша Экономика жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к.,профессор Л.А. Бимендиева қорытынды сөзін сөйледі.

2024 жылғы Түлектер күніне әр жылдардағы мерейтойлық түлектер, бүгінгі таңда мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми қауымдастықтың, бизнес-қоғамдастықтың, Қазақстан университеттерінің, алыс-жақын шетелдердің серіктес университеттерінің өкілдері ретінде, сондай-ақ ЭБЖМ оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты!

ЭБЖМ түлектері күні кездесуге қатысушыларды әуезділігімен және ән мәтінінің терең сөздерімен еліктірген «Қоштасу вальсі» музыкалық номерінің сүйемелдеуімен және есте қаларлық фотосессиямен аяқталды.