- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында «Жапон өнері. XVII-XXI ғасырлар» атты каталогтың тұсаукесері өтті
Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында «Жапон өнері. XVII-XXI ғасырлар» атты каталогтың тұсаукесері өтті
18.05.2024 күні Алматы қаласында халықаралық «Мұражай түні» іс-шарасы аясында Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында «Жапон өнері. XVII-XXI ғасырлар» атты каталогтың тұсаукесері өтті. Берілген каталогқа барлығы 250 шығарма енді, олардың көп бөлігі 1936 жылдан бастап мұражай қорына Мемлекеттік Шығыс өнері мұражайынан, Қазақстан Мемлекеттік Орталық мұражайынан, Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан енген туындылар. Мұражайдың ғылыми қызметкерлері осы туындыларды зерттеп, «Жапон өнері. XVII-XXI ғасырлар» атты каталогты дайындап, жарыққа шығарды. Сонымен бірге, мұражайда атақты жапон суретшісі Каору Моридің «Қалыңдықтың хикаясы» атты манга көрмесі де ашылып, көрермен назарына ұсынылды.
Көрменің салтанатты ашылуына орай кішігірім концерттік бағдарлама дайындалды. Аталған бағдарламаға сәйкес, іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері жапон тілінде ән шырқап, сондай-ақ, жапон тілінің алғашқы деңгейі бойынша сабақтар жүргізіп, оригами өнерінен шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Мұндай шараларды өткізудің нәтижесінде қала тұрғындары жапон мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды.
Қиыр Шығыс кафедрасы
Жапонтану бөлімінің
меңгерушісі Тазабекова Г.Б.