«Орманды сақтау және қалпына келтіру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

23 мамыр, 2024

2024 жылдың 23 мамырда биотехнология кафедрасының аға оқытушылары Мамытова Н.С. және Мухатаева К.А. «6В05103 – Биотехнология» мамандығының ағылшын тілі тобының 2 курс студенттерімен «Орманды сақтау және қалпына келтіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара биология және биотехнология факультетінің ТДМ 15 «Жер экожүйелерін сақтау» жол картасының кестесіне сәйкес өткізілді. Іс- шараның мақсаты: жердегі экожүйелерді қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалану, орманды ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес туралы білімдерін негіздеу. Жердегі экожүйені сақтаудың маңызды аспектілерінің бірі орман шаруашылығы болып табылады. Студенттер ормандардың жойылу қарқынын бәсеңдетуді, ормандарды қалпына келтіруді, биоәртүрлілікті қорғауды және жергілікті қауымдастықтардың қажеттіліктерін ескеруді қамтитын тұрақты орман шаруашылығы туралы білімдерін қалыптастырды.