Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 ақпандағы No 141 қаулысымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді.

20 мамыр, 2024

Тұжырымдаманың жаңа нұсқасы денсаулық сақтаудың келесі мақсатты көрсеткіштерін қамтиды:
• 2025 жылға қарай резидентура бағдарламалары бойынша жетіспейтін мамандықтар бойынша білім беру гранттарының санын 3800-ге дейін ұлғайту;
• енгізілген жаңа технологиялардың жалпы санынан бейімделген шетелдік технологиялар үлесін 2023 жылғы 17-ден 2026 жылы 20-ға дейін арттыру;
• медициналық көмектің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа және жаңартылған денсаулық сақтау нысандарының санын 2023 жылғы 5-тен 2025 жылы 24-ке дейін арттыру;
• бірыңғай дистрибьютордың сатып алу көлеміндегі отандық дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлесін 2023 жылғы 40%-дан 2026 жылы 50%-ға дейін арттыру;
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді және отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту бөлігінде:
- жоғары технологиялық және инновациялық дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірудің отандық және шетелдік технологияларын енгізу;
- Қазақстан Республикасының аумағында өндірісті оқшаулау үшін әлемнің жетекші фармацевтикалық өндірушілері Big Pharma - Топ 50 қатарынан трансұлттық компанияларды тарту;
- фармацевтикалық өндіріс үшін саланың ғылыми және кадрлық әлеуетін арттыру (оның ішінде ғылыми орталықтар мен зертханаларды халықаралық аккредиттеу).