«Тіл заңы және заң тілі» атты дөңгелек үстел өткізілді
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Әлеуметтік лингвистика бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 28 мамырында «Тіл заңы және заң тілі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Аталмыш шараға республикамыздың белгілі лингвистері, заңгерлері, қоғам қайраткерлері және мемлекеттік органдардан тіл саясаты мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Мәселен, ҚР Парламент Мәжілісі депутаты А.Т.Куспан; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қ.Дауталиев, Maqsut Narikbayev University профессоры, заң ғылымдарының кандидаты А. Қ. Жұмағали; Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Б. Ә. Қалымбет; Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының заңгері Қ.Ғ. Идрисов және т.б.
Дөңгелек үстелді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры А.М.Фазылжан жүргізді.
Бұл дөңгелек үстелге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кеден, қаржы, және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарынң докторы, профессор Куаналиева Гульдана Амангельдиевна қатысып қазіргі таңдағы қазақ тіліндегі нормативтік-құқықтық актілердің олқылықтары туралы айтып, оларды жою бойынша ұсыныстар жасады.
Дөңгелек үстел Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы алаңында айтылған негізгі құндылықтарды қоғамға өзектендіру мақсатында сараптама және талдау іс-шаралары циклі шеңберінде өткізілді. Сондай-ақ қазіргі қоғамдағы тілдердің өзара қарым-қатынасы, мемлекеттік тілдің құқықтық мәртебесі мен қызметі, мемлекеттік тіл саясатының тиімді жүргізілуі туралы өзекті мәселелер қозғалды.