Отбасы бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы

29 мамыр, 2024

29.05.24 күні сағат 10.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының  аға оқытушылары Ә.Ж.Байелі мен Р.А.Төреханованың ұйымдастыруымен ТДМ.3 Денсаулық және әл-ауқат аясында 29.05.24 күні сағат 10.00-де «Ана Үйі» Ресурстық орталығының, аймақтық мамандарымен «Отбасы бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы» тақырыбында кездесу ұйымдастырады "АНА ҮЙІ" қоғамдық қорының аймақтық мамандарымен студенттердің кездесуі болды. Кездесу барысында Майра Өмірзаққызы, Джаппуева Аминат Сейпулаховна мен Дюшеева Венера Дипровна  «Отбасы бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы» тақырыбында мағыналы, ақпараттарға толы баяндамалар жасады. Қазақстанда  «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры  10 жылдан бері қызмет жасап келе жатыр. «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының басты мақсаты  - әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жыл сайын балалар үйіне түсетін балалардың санын азайту арқылы балалардың бақытты отбасында тәрбиеленуіне көмектесу. Қазіргі таңда «Ана Үйі» қоғамдық қорының жұмыстарының нәтижесінде 6 695 сәби аналарына көрсетілген көмектің арқасында өз отбасында қалды, 1 855 жетім бала қабылдаушы отбасыларға орналастырылды және 630 бала балаларға арналған интернет мекемелерден туған отбасына қайтарылды. Бұл тағдырдың тәлкегіне түсіп, қиындық көрген қыздарға көмек көрсету арқылы адамдықты сақтап, ана мен сәбидің бірге болуына күресу өте үлкен жүрек пен қажымас қайратты қажет ететіні сөзсіз.

 "АНА ҮЙІ" қоғамдық қорының мамандары «отбасы бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы» деген идеяны әрбір жас білуі керектігін жеткізді. Барлық балаға ата-ана керек. Ата-ана болу жауапты іс. Әрбір сәбидің толық отбасында, дені сау болып дүниеге келіп, анасымен бірге болуы үшін әке де, ана да жауапты екені айтылды. Жыныстық тәрибенің тұрғысынан сауатты болудың жастар үшін маңызды тұстары нақты дәлелелдермен, ойнап жүріп от басқан жас аналардың шынайы оқиғалары келтірілді. Қор  мамандары болашақта ана үйлерінің болмауы үшін еліміздің әрбір азаматының сауаты жоғары, жауапкершілігі мол болуы қажеттігін атап өтті.

Кездесу соңында студенттер кездесудің олар үшін шынында пайдалы, әрі танымды болғанын атап өтіп, алғыстарын білдірді.

Қоғамдық қордың тыныс-тіршілігімен мына әлеуметтік желілер бойынша таныса аласыздар:

https://www.facebook.com/share/v/NGGZfDzZA9EsNRRR/?mibextid=WC7FNe

https://www.instagram.com/reel/C2wX75LCtQc/?igsh=bTF0bW15eXR0YnBw

https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-    densaulyk/press/media/details/43833?lang=ru